01/04/2024
Құрметті әріптестер! Біз қаңтар айында БД (Близкие друзья) бөлімін жоба ретінбе пайдаланып, “БІРГЕ ДАМУШЫЛАР” - деп жаңа бір іс бастап кетіп едік.
Расында жемісін бере бастады. 3 айға созылу керек болған. Оншама ұзақ уақыт таңдауымның себебі: бірінші рет жасалып жатқан жобада ақпаратпен шикілік болмасада, уақыт жағынан болатынын 100% түсіндім. Дегенмен Аллаға шүкір өзгерістер бар. Қарапайым аваға қандай сурет қоюымыз керектігіне дейін талқыладық. Және қатысушыларым өз ақысын ақтағанын талай рет рақметімен білдірді.
Мақсатым тек ақша табу ғана емес, бәріміздің мың сан жұмысымыз бар сияқты, менде де жұмыс жеткілікті. Одан қалса демалыпта, тойға барыпта үлгеру керек. (қазақпызғой😁). Бірақ оңай емес екен. Кейде әріптестерім бір посттың өзіне “не салам?”, “не жазам?” - деп кетеді. Ал мұнда сен білімді жеңіл жеткізудің жолы мен ақпаратыңның жүйелілігіне сенімді болуың керек.
Бұл жобаны жалғастырамын деп шештім. Адамдармен жеке сөйлесу арқылы менде мотивация аламын және меніңде сіздермен дамуыма мүмкіндік.
Шалғай ауылдарда, аудандарда қаншама әріптестеріміз бар, көбісі онлайн сабақтар сұрайды, көп әріптестеріміздің дамуға мүмкіндігі яки болмаса уақыты болмай жатады.
Сондықтан аз-аздан, үздіксіз дамудың бірден бір жолы осы болып тұр. Салған история 24 сағат сақталып тұрады. Ал қәзіргі адамдар кемінде 30 минутқа болсада кіредіғой инстаграмға. Вебинар сияқты 2-3 сағатқа созылып бір нақты уақыт аралығында телміріп отырмаймыз. Бөліп-бөліп, жіктелген ақпаратты сақтап отырасыз. Ақысы бір вебинардың құнындай-ақ.
Сондықтан 1 мамыр мен 31 мамыр аралығында 1 айға созылатын “БІРГЕ ДАМУШЫЛАР” қатарына шақырамын. Курс жайлы ақпараттармен, тіркелу 10-шы сәуірден басталады. Қазақстанымыздың дәрігерлері дами берсін.🤜🏻🤛🏼
Достарыңызбен бөлісіп, “осындай болайын деп жатыр екен” деп айта салсаңыздар өте жақсы болушы еді.
Ps: 4-5-6 курс студенттері қапы қалмаңыздар. Абай атамыз “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” - деген сөзінен сабақ алыңыздар. Алла жар болсын.